Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 pixabay 25 Қараша 2026, 08:08
25 Қараша 2026, 08:08
86
Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

25 қарашада атмосферадағы ластаушы заттардың сейілуіне ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Қарағанды облысында экологиялық ахуал күрделі. Аймақта ауаға 293,7 мың тонна зиянды зат тараған.

Наверх