Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 pixabay 2 Қыркүйек 2026, 08:30
2 Қыркүйек 2026, 08:30
168
Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2 қыркүйекте Орал, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх