Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay Бүгiн 2026, 03:28
Бүгiн 2026, 03:28
87
Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 наурызда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх