"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады,деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 23 қаңтарда Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Орал, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.