Бүгін онлайн өтетін мәдени іс-шаралардың тізімі жарияланды

6 Қыркүйек 2020, 08:20
1606
Бөлісу:
Бүгін онлайн өтетін мәдени іс-шаралардың тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі 6 қыркүйекте елімізде онлайн өтетін мәдени іс-шаралар бағдарламасын жариялады.

11:00-де Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі «Абай музейіне 80 жыл: «Көкбай Жаңатайұлы музейі» атты шара өткізеді.

12:00-де Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Ақ аю» ертегісін сахналайды.

12:00-де «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы «Ботай – дала өркениетінің бастауында» атты деректі фильм көрсетеді.

12:00-де Наталия Сац атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер орыс театрының аккаунтынан В.Сутеевтің «Кто сказал мяу?» (орыс тілінде) ертегісін көруге болады.

12:00, 16:00, 18:00-де «Қазақконцерт» МКҰ жанындағы «Концерттік-гастрольдік қызмет орталығы» Ш.Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналған челленджге қолдау көрсетеді.

14:00-де Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі «Абай музейіне 80 жыл: «Шәкір Әбенұлы музейі» атты шара өткізеді.

16:00-де Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында «Рухсара» би ансамблінің концерті өтеді.

19:30-да Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында «Бір түп алма ағашы» спектаклі қойылады.

Өзгелердің жаңалығы