Бүгін облысымыз «қызыл аймаққа» енді – Әбдіқалықова

21 Сәуір 2021, 17:50
1216
Бөлісу:
Бүгін облысымыз «қызыл аймаққа» енді – Әбдіқалықова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облысымыз «қызыл аймаққа» енді. Бұл қуанатын жағдай емес. Пандемия басталғаннан бергі уақытта өңірде 4890 жағдай тіркелген. Әлемді дүрліктірген індеттің беті қайтар түрі жоқ. Соңғы уақытта вирус жұқтырғандардың саны тым көбейіп барады, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

 

«Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі» дейді дана халқымыз. Сақтық шараларына мән беруді ұмытсақ, көзге көрінбейтін тажалдың кез келген сәтте қатер төндірері анық. Оны тек сақтану арқылы ғана жеңе аламыз. Осы ретте, жергілікті мекемелердің, халыққа қызмет көрсету орындарының басшылары вирус тез тарайтын адамдар тығыз жиналатын орындарда, ғимараттарда халықтың сапырылысын реттегені жөн, - деп жазды ол.

 

Денсаулық алдымен өзімізге керек. Сондықтан әрбір адам өзіне ғана емес, отбасына, туған-туысына, айналасындағы адамдарға зиянын тигізбеуі тиіс. 

 

Той-томалақ, ас беру, басқа да көпшілік жиындарды жақсы күндерге қалдыра тұрайық. Денсаулығымыз бәрінен қымбат екенін ұмытпағанымыз жөн. Қарапайым қағидатты ескерейік: маска, антисептик және арақашықтықты сақтау. Қымбатты жерлестерім, қауіпті індеттің ұзаққа созылмасы үшін осы қағидаттарды ескеріп, өз денсаулықтарыңызға асқан жауапкершілікпен қарап, карантин талабына бағынуға шақырамын. Ел болып қатерлі індетті бірге жеңіп, жарқын күндерге бірге жетейік! Жақынымызға жанашыр болайық! Саулық сақтықта екенін естен шығармайық!, - деп жазды Гүлшара Әбдіқалықова.

 

Өзгелердің жаңалығы