Бүгін Қазақстанда «Музейлер шеруі» өтеді

30 Тамыз 2019, 10:18
3487
Бөлісу:
Бүгін Қазақстанда «Музейлер шеруі» өтеді
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, яғни 30 тамыздан бастап, Қазақстанда «Музейлер шеруі» атты жалпыреспубликалық акция басталады.

Бұл акция Елбасының «Рухани жаңғыру» және ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында жүзеге асып отыр. 

муз2.jpeg

«Музейлер шеруі» акциясы – бұл мәдениет ұйымдарының әрбір қазақстандық үшін ұлттық мәдени мұраның қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жауапкершілігіндегі жаңа заманауи формат. «Музейлер шеруі» акциясы арқылы мәдениет ұйымдары ұлттық мәдени мұраның қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздеп отыр. Бүгін де Қазақстанда түрлі бейіндегі 245 музей жұмыс істейді. «Мәдениет пен өнер саласындағы жаңалықтарға, шараларға қазақстандықтардың назарын аударту, мәдениет нысандарына тұрғындарды тарту, азаматтармен бірге «Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын талқылау мақсатында осы шара қолға алынды. Ертең, яғни 30 тамыздан басталатын «Музейлер шеруі» жалпыреспубликалық акциясы аясында әр айдың үшінші жұмасы кешкі сағат 21.00-ден бастап түнгі 03.00-ке дейін музейлер өз келушілеріне тегін кіруге мүмкіндік жасайды», - дейді  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры Күміс Сейітова.

муз1.jpg

Алғашқы болып «Музейлер шеруі» жалпыреспубликалық акциясын Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музей, Алматыдағы Орталық мемлекеттік музей, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі, М.Тынышбаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі, Павлодар қаласындағы П.Васильевтың музей үйі, Қостанай облысының тарихи-өлкетану музейі өткізеді.
Өзгелердің жаңалығы