Бүгін Халық әртісі, актриса Сәбира Майқанованың туған күні.
Сәбира Майқанованың театр сахнасындағы тұңғыш рөлі – Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Бұдан кейін ол замандас құрбыларының сахналық бейнесін жасады.
Актриса 1954 жылдан бастап киноға түсе бастады. «Махаббат дастанында» – Мақпал, «Қыз бен жігітте» – Гүлбарша, «Біз осында тұрамыз» фильмінде – Торғын, «Қыз Жібекте» – Қамқа рөлдерін сомдады.
Жазушы Д.Исабеков актрисаға «Мұрагерлер» драмасын арнады. Осы пьеса бойынша қойылған спектакльде Майқанова басты рөл – Салиқаны ойнады.
Актриса Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.