Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ұзақ серуендемеуге шақырады.

 BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 08:32
Бүгiн 2026, 08:32
158
Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін, 24 мамырда Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

«Қазгидромет» мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Орал, Ақтөбе, Алматы, сондай-ақ түнгі уақытта Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында күтіледі.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда ауада зиянды заттардың шоғырлануы артып, атмосфералық ауаның сапасы төмендеуі ықтимал. Бұған тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман мен инверсия сияқты факторлар әсер етеді.

Наверх