Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ашық ауада болу уақытын қысқартуға, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуге кеңес береді.

29 Қазан 2026, 08:32
АВТОР
 depositphotos.com 29 Қазан 2026, 08:32
29 Қазан 2026, 08:32
169
Фото: depositphotos.com

Бүгін, 29 қазанда Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеожағдайлар Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Орал, Балқаш, Қарағанды, Өскемен және Теміртау қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін құбылыстар жиынтығы. Оларға желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады. Мұндай кезде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Мамандар қолайсыз метеожағдай кезінде ашық ауада болу уақытын қысқартуға, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартқан жөн.

Наверх