Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мұндай кезде тұрғындарға, әсіресе тыныс алу жүйесі аурулары бар азаматтарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

 BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 08:54
Бүгiн 2026, 08:54
133
Фото: BAQ.KZ архиві

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 7 маусымға арналған ауа сапасы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау және Талдықорған қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Ақтөбе мен Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Оған тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия жатады.

Мамандар мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, ластаушы заттардың шоғырлануы артуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан тұрғындарға, әсіресе тыныс алу жүйесі аурулары бар азаматтарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Наверх