Бүгін еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің айтуынша, ауа сапасының нашарлау деңгейі ауа райы жағдайларына, соның ішінде жел, ылғалдылық пен жауын-шашынға тікелей байланысты.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 08:54
Бүгiн 2026, 08:54
146
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Бүгін, 30 сәуірде еліміздің бірқатар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қзгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің дерегіне сәйкес, күндіз Көкшетау, Өскемен, Семей, Риддер, Талдықорған, Алматы және Астана қалаларында, ал түнде Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл желдің әлсіздігі, тұман және ауа инверсиясы сияқты факторлардың әсерінен атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін құбылыс. Мұндай кезде ауа сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.

Мамандар мұндай кезеңде:

  • ашық ауада болу уақытын шектеуді,
  • әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартуды,
  • созылмалы ауруы бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруді,
  • физикалық белсенділікті азайтуды ұсынады.

Синоптиктердің айтуынша, ауа сапасының нашарлау деңгейі ауа райы жағдайларына, соның ішінде жел, ылғалдылық пен жауын-шашынға тікелей байланысты.

Наверх