Бүгін, 2 қарашада Қазақстанның 10 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.
Атап айтқанда, Жезқазған, Балқаш, Орал, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Түркістан, Алматы және Астана қалаларында атмосфералық ауада зиянды заттардың жиналуына қолайлы жағдай қалыптасуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде тыныштық, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия салдарынан ластаушы заттар ауа қабатында жиналып, ауа сапасы нашарлауы ықтимал.
Мамандар мұндай күндері тұрғындарға ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерлерде болу уақытын қысқартуға кеңес береді. Сондай-ақ даладағы дене белсенділігін шектеп, спортпен жабық ғимараттарда айналысқан жөн.