Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматы мен түнгі уақытта Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

 pexels 8 Тамыз 2025 2025, 07:46
8 Тамыз 2025 2025, 07:46
741
Фото: pexels

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 8 тамызға арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматы мен түнгі уақытта Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін ауа райы құбылыстары (тымық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығымен түсіндіріледі.

Мұндай жағдайлар кезінде қалаларда атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Наверх