Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз жағдайлар Ақтөбе, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында байқалады.

 BAQ.KZ архиві Кеше 2026, 08:32
Кеше 2026, 08:32
574
Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін, 13 ақпанда Астана және тағы төрт қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз жағдайлар Ақтөбе, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында да күтіледі.

Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді факторлар жиынтығы. Оларға желдің баяулығы, тұман, инверсия құбылысы жатады.

Мұндай кезде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ластану деңгейі көбіне жел, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы сияқты синоптикалық жағдайларға байланысты қалыптасады.

Наверх