Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

17 Сәуір 2024, 08:01
1043
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Фото: BAQ.KZ архив

Бүгін, 17 сәуірге арналған күн райына болжам белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде күн жаңбырлы болады.

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, қиыр шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Ел аумағы бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады, солтүстікте бұршақ жауыы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы