Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады

23 Қазан 2022, 09:25
881
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады

Қазгидромет синоптиктері 23 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік циклонның әсерінен және атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Осыған байланысты жауын-шашын жауады. Елдің солтүстігінде қатты қар жауады, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады (қар, жаңбыр).

Көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы