Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет"&nbsp;РМК 21 тамыз күні елімізде қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы хабарлады.</h4>

 21 Тамыз 2020 2020, 07:55
21 Тамыз 2020 2020, 07:55
1352

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 21 тамыз күні елімізде қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, бүгін ауа сапасының ластануы Шымкент, Теміртау және Алматы қалаларында күтіледі. Қазақстанның өзге қалаларында метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх