Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

30 Наурыз 2024, 09:09
750
Бөлісу:
VIDEO

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 30-ы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер айқындайтын болады.

Осыған байланысты Қазақстан бойынша күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Өзгелердің жаңалығы