Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

31 Шілде 2022, 07:46
1867
Бөлісу:
Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет синоптиктері 31 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды.

Қазақстанның шығысына қарай ығысқан оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар бұрынғысынша Қазақстанның бүкіл аумағына өз әсерін тигізеді. Осыған байланысты жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауып, дауыл тұрады. Найзағай жарқылдайды, бұршақ жауып, жел күшейеді.

Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі. Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Түркістан, Қызылорда, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы