Бүгін елдің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

5 Қазан 2023, 08:05
559
Бөлісу:
Бүгін елдің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

5 қазанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, тек Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Теміртау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы