1 қазанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады. BAQ.KZ бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау қалаларында, түнде Астанада ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.