4 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, сәрсенбі күні Ақтөбе, Алматы және Астанада ауаның ластануының қолайсыз метеожағдайы күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.