«Қазгидромет» РМК бүгінге, 17 желтоқсанға арналған еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін ауа райы қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ластанбайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда ауа сапасының нашарлауы мүмкін.
Бүгін тұрғындарға бұрқасын, тұман және көктайғаққа қатысты ескерту жасалды.