Бүгін екі қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі

2 Маусым 2024, 06:18
520
Бөлісу:
Бүгін екі қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі
Фото: BAQ.KZ архив

Синоптиктер 2 маусымда ел қалаларындағы метеожағдайға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, жексенбі күні еліміздің екі қаласында ғана ауа ластанады. Осылайша, Ақтөбе мен Алматы қалаларында қолайсыз метеожағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

  • Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
  • Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Өзгелердің жаңалығы