Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

3 Маусым 2024, 08:45
237
Бөлісу:
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК дүйсенбі, 3 маусымда Ақтөбе және Алматы қалаларында ауа райының қолайсыз ластануы күтілетінін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары (ҚАО) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАО пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Өзгелердің жаңалығы