Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

1 Ақпан 2024, 08:25
553
Бөлісу:
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК 1 ақпан күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады. Бүгін елдің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, сенбіде Астана, Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы