Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Ауа сапасының төмендеуі тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.

 BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 08:54
Бүгiн 2026, 08:54
128
Фото: BAQ.KZ архиві

«Қазгидромет» РМК бүгін, 2 мамыр күні Ақтөбе және Орал қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың түсіндіруінше, мұндай жағдайлар кезінде атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл құбылыс көбіне желдің әлсіздігі, тұман және температуралық инверсия әсерінен қалыптасады.

Ауа сапасының төмендеуі тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал, әсіресе тыныс алу және жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар үшін қауіпті.

Синоптиктер қолайсыз кезеңде:

  • ашық ауада болу уақытын шектеуді;
  • балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартуды;
  • созылмалы ауруы бар азаматтарға қажетті дәрілерін өзімен бірге алып жүруді;
  • дене белсенділігін азайтып, спортты жабық орындарда өткізуді ұсынады.
Наверх