Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

19 Маусым 2022, 08:48
1131
Бөлісу:
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, жексенбіде еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Тек Алматы және Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар –мосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы