«Қазгидромет» РМК бүгінге, 7 ақпанға арналған еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, 2026 жылғы 7 ақпанда Ақтөбе қаласында, ал түнгі уақытта Атырауда ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін қысқамерзімді факторлар жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Мұндай жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы төмендеуі мүмкін.