«Қазгидромет» РМК бүгін, 6 ақпанда Ақтөбе мен Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандардың мәліметінше, мұндай жағдайлар тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия салдарынан туындайды. Бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты аталған қалаларда ауа сапасының уақытша нашарлауы ықтимал.