Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

4 Маусым 2022, 08:45
1300
Бөлісу:
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Атырау мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

2022 жылғы 4 маусымда Атырау мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы