Бүгін екі мегаполисте ауа сапасы нашарлайды

22 Желтоқсан 2023, 08:22
780
Бөлісу:
Бүгін екі мегаполисте ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

22 желтоқсан, жұма күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 22 желтоқсан, жұма күні респблика қалаларының басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы мен Шымкентте ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы