Жұма күні еліміздің 11 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке сүйенсек, бірнеше қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау, Петропавл және Өскемен (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Риддер (2 дәрежелі) қалаларында ауа сапасы төмендейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауына ықпал етеді.