Бүгін бірнеше өңірде қатты ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, жаңбыр, екпінді жел күтіледі. Елдің батысы мен шығысында бұршақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады.

 22 Шілде 2022 2022, 08:00
22 Шілде 2022 2022, 08:00
2326

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, жаңбыр, екпінді жел күтіледі. Елдің батысы мен шығысында бұршақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады.

Республиканың тек оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Қазгидромет» мәліметінше, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. 

Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. 

Күндіз Жамбыл облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының батысы мен шөлді аудандарында, Жетісу облысының батысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде қатты ыстық болжанады.

Наверх