Бүгін ауа райы қандай болады?

28 Қаңтар 2022, 08:00
1004
Бөлісу:
Бүгін ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады. 

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, күндіз оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел күшейіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. 

Тек еліміздің орталығы мен шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында - көктайғақ, солтүстігінде - тұман, батысында және шығысында – желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде батысында, таулы аудандарында тұман түседі.

 Таңертең және күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, таулы аудандарда жел екпіні 23 м/с болады.

 Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, орталықта жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Күннің екінші жартысында көктайғақ болады, бұрқасын соғады. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығысында күндіз жел екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарда көктайғақ болады. Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы