Бүгін «Астананың» топтық кезеңдегі қарсыластары анықталады

Бөлісу:
Бүгін «Астананың» топтық кезеңдегі қарсыластары анықталады

Бүгін, 30 тамызда елордалық «Астана» командасының қатысуымен өтетін 2024/25 жылғы маусымдағы УЕФА Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылады.

29 тамызда «Астана» Норвегияның «Бранн» командасын 3:0 есебімен жеңді. Алғашқы ойындар олар қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді. Екі ойынның нәтижесімен қазақстандық команда топтық кезеңге жолдама алды.

Жарыстың аталған сатысында барлығы команда сынға түседі. Олардың қатарында «Астананы» қоса есептегенде «Челси» (Англия), «Копенгаген» (Дания), «Гент» (Бельгия), ЛАСК (Австрия), «Бетис» (Испания), «Истанбул Башакшехир» (Түркия), «Молде» (Норвегия), «Легия» (Польша), «Хайденхайм» (Германия), «Юргорден» (Швеция), АПОЭЛ (Кипр), «Рапид» (Австрия), «Омония» (Кипр), ХИК (Финляндия), «Витория Гимарайнш» (Португалия), «Олимпия» (Словения), «Шемрок Роверс» (Ирландия), «Серкль Брюгге» (Бельгия), «Нью-Сейнтс» (Уэльс), «Лугано» (Швейцария), «Хартс» (Шотландия), «Ягеллония» (Польша), «Целе» (Словения), «Петрокуб» (Молдова), «Млада-Болеслав» (Чехия), «Санкт-Галлен» (Швейцария), «Панатинаикос» (Грекия), ТСЦ (Сербия), «Ларн» (Солтүстік Ирландия), «Динамо Минск» (Беларусь), «Пафос» (Кипр), «Викингур» (Исландия), «Ноа» (Армения), «Фиорентина» (Италия), «Борац» (Босния және Герцеговина) бар.

Жеребе тарту рәсімі қазақстандық уақытпен 18:30-де басталады.

Сондай-ақ Еуропа лигасы топтық кезеңіне шыққан барлық команда анықталды. Олардың тізімі төмендегіше: «Рома» (Италия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Порту» (Португалия), «Аякс» (Нидерланд), «Глазго Рейнджерс» (Шотландия), «Айнтрахт» (Германия), «Лацио» (Италия), «Тоттенхэм» (Англия), «Славия» (Чехия), «Реал Сосьедад» (Испания), «АЗ Алкмар» (Нидерланд), «Брага» (Португалия), «Олимпиакос» (Греция), «Лион» (Франция), «Фенербахче» (Түркия), ПАОК (Грекия), «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль), «Ференцварош» (Венгрия), «Карабах» (Әзербайжан), «Галатасарай» (Түркия), «Будё-Глимт» (Норвегия), «Виктория» (Чехия), «Юнион» (Бельгия), «Динамо» (Киев, Украина), «Лудогорец» (Болгария), «Мидтьюлланн» (Дания), «Мальмё» (Швеция), «Атлетик» (Испания), «Хоффенхайм» (Германия), «Ницца» (Франция), «Андерлехт» (Бельгия), «Твенте» (Нидерланд), «Бешикташ» (Түркия), ФКСБ (Румыния), РФШ (Латвия), «Эльфсборг» (Швеция).

 

Өзгелердің жаңалығы