Бүгін Астанада V Нобель фестивалі өтеді

26 Қазан 2022, 10:47
841
Бөлісу:
Бүгін Астанада V Нобель фестивалі өтеді

Нобель сыйлығының иегерлері елордаға келе жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ.

Нобель фестивалі – ең ірі халықаралық коммерциялық емес технологиялық және ғылым-білім байқауы. Миссия Nobel Fest – жаһандық білім мен ғылымды әлемнің кез келген бұрышында қолжетімді ету. Оған жыл сайын 14-тен астам Нобель сыйлығының лауреаты, 14 «Серпіліс» сыйлығының иегері, әлемдік инноваторлар, 155 елден 500 университет және 500 мыңнан астам адам қатысады.

26 қазан күні фестиваль аясында «Астана-Ташкент» телекөпірі өтеді. Телекөпір барысында білім деңгейі жоғары және төмен елдердегі әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар, сондай-ақ дамушы елдердегі білім сапасын жақсарту мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Бесінші Nobel Fest бір мезгілде қазақ, ағылшын, түрік, қытай, араб, өзбек және орыс тілдерінде 6 студияда - Әзірбайжан, Германия, Түркия, Пәкістан, Қытай, Өзбекстан және Қазақстанда өтеді.

Телекөпір жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, 2017 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квонг Чунг, CEO Nobel Fest негізін қалаушы Мақсат Құрбенов, жастар агенттігінің (Өзбекстан) директоры Әлішер Саъдуллаев, COMSTECH, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас үйлестірушісі доктор Икбал Чоудхари, Coca-Cola-ның Еуразия мен Таяу Шығыстағы вице-президенті Клаудия Наварро қатысады. Сонымен қатар елордаға 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ Бас хатшысының Климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі Рае Квон Чунг келеді.

Бұл ауқымды іс-шара офлайн форматта ұйымдастырылмақ. Белгілі спикерлер Астанада үш күн бойы лекция оқиды. Тұңғыш рет Қазақстанда Климаттық экономика орталығының ашылуы маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Орталық өз есігін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ашады, - деді V Нобель фестивалі бағдарламасының жетекшісі Жұлдыз Адамзатова.

Айта кету керек, Nobel Fest аясында 31 қазан мен 4 қараша аралығында Нобель дәрістер апталығы өтеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген Нобель сыйлығының лауреаттары және әлемдегі ең беделді марапаттардың иегерлері университеттер мен студенттер үшін дәріс оқиды. Дәрістер Nobel Fest бас серіктестері – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті үшін арнайы ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы