Бүгін Астанада қай жолдар жабылды

Бөлісу:
Бүгін Астанада қай жолдар жабылды
Фото: pixabay

Бүгін Астанадағы кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектелді. Бұл бір күннен астам уақытқа созылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

8 қыркүйек сағат 09:00-ден 9 қыркүйек 06:00-ге дейін Жансүгіров бойынан Абылай ханнан Құдайбердіұлына дейінгі учаске жабылады.

Сондай-ақ, 8 қыркүйекте Земляничная көшесінің бойында Қараменді би Шақаұлынан Бейбарыс сұлтанға дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылды.

Р-10 "Астана айналма жолы" жолының 30-36-шақырымға дейінгі учаскесі 26 қыркүйекке дейін жабық.

Өзгелердің жаңалығы