Бүгін Әскери институттың құрылғанына 47 жыл толды

12 Тамыз 2021, 20:28
1815
Бөлісу:
Бүгін Әскери институттың құрылғанына 47 жыл толды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының құрылғанына 47 жыл толды.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жоғары оқу орнының жеке құрамы Әскери институт плацында салтанатты сапқа тұрды.

Әскери институт бастығы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов курсанттарды, командалық және профессор-оқытушылар құрамын құттықтады. Әуе қорғанысы күштері Қарулы Күштердің анағұрлым ұтқыр әрі техникалық жарақтандырылған түрі екенін айта отырып, оның жоғары білікті авиация мамандарымен үнемі толықтырып отыруды қажет ететініне ерекше тоқталып өтті.

Бүгін Әскери институттың құрылғанына 47 жыл толды

Тәуелсіздік жылдарында Әскери институт Әуе қорғанысы күштерімен қатар басқа да әлеуетті құрылымдар үшін 2 600-ден астам маман даярлап шығарды. Авиациялық басшылық құрамның 80 %-тен астамы біздің түлектеріміз. Сіздің еңбегіңіз еліміздің әуе шебінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты негізгі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті ол.

Ұзақ жылдар бойы Қарулы Күштер қатарында қызмет өткеріп, бүгінгі күні осы оқу орнында оқытушы болып қызмет атқарып, өзінің білімі мен жинаған мол тәжірибесін жас ұрпақ бойына сіңіріп жүрген Қарулы Күштер ардагерлеріне алғыс айтылып, ерекше құрмет көрсетілді.  

Бүгін Әскери институттың құрылғанына 47 жыл толды

Мерекенің құрметіне қызметтік міндетін үлгілі орындағаны, жауынгерлік даярлықтағы жетістігі, сондай-ақ жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін институттың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы марапатталды.

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты 1974 жылы Жоғары азаматтық авиация ұшқыштары училищесі болып құрылды. 1996 жылғы маусымда оқу орны Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесі болып қайта құрылды. Жоғары оқу орны өзінің қазіргі атауын 2003 жылғы шілдеде алды. 1998 жылғы 22 тамызда бірінші офицерлер құрамы оқу бітіріп шықты.

Бүгін Әскери институттың құрылғанына 47 жыл толды

Бүгінгі күні жоғары оқу орны 11 ұшқыш және инженерлік мамандық бойынша авиация мамандарын даярлауды жүзеге асыратын Орталық Азиядағы жалғыз әскери оқу орны болып табылады. Институт Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштері үшін әскери кадрларды бірлесіп даярлайтын оқу орындары тізбесіне енгізілген. Мұнда Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген курсанттар да білім алады.

 


Өзгелердің жаңалығы