Бүгін ақтөбелік оқушылар онлайн оқиды

25 Желтоқсан 2023, 08:46
723
Бөлісу:
Бүгін ақтөбелік оқушылар онлайн оқиды

Ақтөбе қаласының оқушылары дүйсенбі күні онлайн оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 желтоқсанда күн райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген Ақтөбе қаласының білім бөлімі таратқан мәліметте.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек,бүгін Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігі мен орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын болды. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Ал Ақтөбе қаласында көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с құрайды.

Өзгелердің жаңалығы