Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

4 Қазан 2022, 08:09
1544
Бөлісу:
Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

Сейсенбі, 4 қазанда 8 қалада ауа сапасы нашарлайды. BAQ.KZ бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтар болсақ,Астана, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай және Өскемен (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы