Бүгін 8 қалада ауа ластануы мүмкін

15 Сәуір 2022, 08:21
1183
Бөлісу:
Бүгін 8 қалада ауа ластануы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 8 қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

2022 жылғы 15 сәуірде Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Шымкент, Риддер (1-дәрежелі), Семей (1-дәрежелі), Өскемен (1-дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасуы ықтимал, – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы