28 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.