Бүгін 41 градусқа дейін ыстық болады

5 Маусым 2023, 08:03
713
Бөлісу:
Бүгін 41 градусқа дейін ыстық болады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Қазгидромет бүгін еліміздің кейбір өңірінде 41 градусқа дейін ыстық болатынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус ыстық болады.

Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында 41 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың шығыс жартысында төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус ыстық болады.

Павлодар облысының басым бөлігінде 35-39 градус ыстық болады және төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35 градус ыстық сақталады. Облыстың солтүстік батысында төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін ыстық сақталады.

Қызылорда облысында 40 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы