Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін 4 қалада ауа сапасы бұзылады

25 Шілде 2023, 08:13
1092
Бөлісу:
 архив
Фото: архив

25 шілде, сейсенбі күні ел аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 25 шілде, сейсенбі күні республика қалаларының басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал тұрақты болады.

Тек Алматы, Ақтөбе, түнде Астана, Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы