Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

5 Маусым 2024, 08:45
335
Бөлісу:
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК 5 маусым күнгі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

5 маусым күні Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы