Бүгін, 2 сәуірде Қазақстанның 13 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін ҚМЖ Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Өскемен, Риддер, Семей, Алматы және Астана қалаларында болжанып отыр.
Қолайсыз метеожағдайлар – желдің баяулығы, тұман, ауа инверсиясы сияқты қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мұндай жағдайлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.
Соның салдарынан елді мекендерде ауа сапасы төмендеп, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ауа ластануы деңгейіне жел, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы сияқты синоптикалық факторлар тікелей әсер етеді.