ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша 158 тестіленушінің нәтижесі жойылды

31 Тамыз 2020, 10:19
1551
Бөлісу:
ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша 158 тестіленушінің нәтижесі жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов facebook-тегі парақшасына ҰБТ кезінде аудиторияда түсірілген бейнежазбаларды жариялады. 

ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша 158 тестіленушінің нәтижелері жойылды, олардың 97-сі грант иегері атанған болатын (соның ішінде 138 балл алған түлек те бар). Соған орай, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркелетін болады. Толығырақ ҰТО парақшасында жариялайтын боламыз,-деп жазды ол.
Өкінішке орай, тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің өзі қылмыстық әрекетке байланысы бар екені туралы фактілер анықталды. Видеодан сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы кезекші денесімен жауып тұрғанын көруге болады.

Ұлттық тест орталығы ол адамды кем дегенде білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, ал одан бетер шара ретінде қатал жауапкершілікке тартылуын талап етпек.
Өзгелердің жаңалығы