Британиялық сарапшы: «Жасыл» энергетика саласындағы Қазақстанның әлеуеті өте зор

16 Қараша 2021, 13:25
1106
Бөлісу:
Британиялық сарапшы: «Жасыл» энергетика саласындағы Қазақстанның әлеуеті өте зор

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан-Британия үкіметаралық комиссияның аясында қазақстандық сарапшылар Ұлыбританиядан келген әріптестерімен бірге «жасыл» энергетика саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын жан-жақты талқылады. 

Атап айтсақ, өңделген мұнай ұңғымаларынан көмірсутегін алу, қоқыстан энергия алу, жел энергиясын қаржыландыру сияқты салалардағы жобалар сөз болды.

«Самұрық-Қазына» АҚ стратегиялар, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушысы және «жасыл» энергетика жөніндегі жұмыс тобының тең төрағасы Ерлан Дұрмағамбетов атап өткендей, Қазақстан мен Ұлыбритания жасыл энергия көздеріне ауысу саласында өзара тиімді жобаларды дамытып жатыр. 

Британиялық сарапшы: «Жасыл» энергетика саласындағы Қазақстанның әлеуеті өте зор


 

Мысалы, қазір «Самұрық-Қазына» қоры халықаралық корпорациялармен бірге өңделген мұнай және газ ұңғымаларынан көмірсутек алып, оны сақтау жөніндегі ілкі жобаны талқылап жатыр. Біздің серіктестер тозған мұнай ұңғымаларынан осындай технология бойынша жобаларды жүзеге асырып жатыр, - дейді Дұрмағамбетов. 
 

Өз кезегінде Petrofac компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Роберт Брюс Қазақстанды алдағы он жылдағы әлеуетті серіктес деп бағалады. 

 

Қазақстан өте маңызбы бағыт және бұл елде алдағы он жылда баламалы энергия көзін дамыту үшін зор әлеует бар. Бізге нарықтың бірнеше бағыты маңызды, - дейді Роберт Брюс.
 

Сондай-ақ, жұмыс тобы қоқыстан энергия алатын жобаларды талқылады. Айта кететігі, Қазақстан қоқысты қайта өңдеу жобаларына ерекше назар бөлетіні анық. Өйткені, елімізде жыл сайын 6 млн тоннадан астам қоқыс шығарылса, оның 95 пайызы полигондарға көміледі. 

Сөз соңында Ерлан Дұрмағамбетов «Самұрық-Қазына» қор базасында ғылыми-зерттеу институтын құру үшін британия тарапымен ынтымақтастықты кеңейтуге талпынатынын атап өтті.

 

Өзгелердің жаңалығы